«Еңбек жемісі» атты ата - аналар жұмысына 8 «Ә» сынып оқушыларымен саяхат жасалды.
2024 жылдың қараша айының 27 - і күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жоспар бойынша «Еңбек жемісі» атты ата - аналар жұмысына 8 «Ә» сынып оқушыларымен саяхат жасалды.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Ата - анасының мамандығын таныстыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Мамандық тандауға бағыттау, ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, нақтылыққа бейімдеу.